Қорытынды аттестаттауды бағалаудың жаңаша тәсілдері

2016 жылғы 1 қарашада Павлодар қаласының № 25 мектебінде 11 сыныпта жұмыс істейтін мұғалімдер үшін «Қорытынды аттестаттау форматының өзгеруіне орай оқушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың  жаңа тәсілдері» атты семинар — практикумы өткізілді. Семинардың мақсаты — мектеп түлектерін дайындау кезінде кездескен мәселелерді шешу және қорытынды аттестаттау форматының өзгеру аясында жаңа әдістерді меңгеруде пән мұғалімдеріне тәжірибелік көмек көрсету. Семинарға 126 математика, орыс, қазақ тілі пәндерінің мұғалімдері қатысты, оның ішінде қазақ тілі пәнінен  26 мұғалім, орыс тілі пәнінен 38 мұғалім, математика пәнінен 62 мұғалім болды.

Берілген мақсатты жүзеге асыру үшін республикалық ҰТО тест тапсырмаларын құрастырушылары мен сарапшылары және тәжірибелі шығармашыл мұғалімдер тартылды.

Семинар барысында оқыту мемлекеттік және орыс тілінде жүргізілетін математика, орыс, қазақ тілі мүғалімдерінің 5 секциясы жұмыс істеді. Математика пәнінің секциясында модератор ретінде Абай атындағы № 10 мектеп-лицейінің мұғалімі А. К. Айтхожина, дарынды балаларға арналған облыстық  көпсалалы лицей мұғалімі  Л. Г. Тодерович, № 34 ЖОМ мұғалімі Н. В. Кокорева, № 9 ЖОМ мұғалімдері Н. В. Якубовская, Т. И. Пустовалова, № 20 ЖОМ мұғалімі Ж.К. Кабышева, орыс тілі пәнінен — Н. В. Мирошникова № 3 гимназия мұғалімі,  № 34 ЖОМ мұғалімі Н. А. Еленич, №41 ЖОМ мұғалімі И. В. Бизюк, № 9 ЖОМ мұғалімі Л. М. Пыстина, қазақ тілінен — Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған гимназия мұғалімі Г. К. Ахметова, № 22 ЖОМ мұғалімі Қ. Г. Абылгазинова.

Қорытынды аттестаттаудың жаңа форматы бойынша теориялық және тәжірибелік материалдар қарастырылды: функционалдық сауаттылықты қалыптастыру, оқушылардың математикалық сауаттылықтарын қалыптастыруда типологиялық тапсырмалар, логикалық тестпен жұмыс әдістері, мәтінмен жұмыс, эссе жазу, бағалау жүйесі, біліктерді қалыптастыру тәжірибелігі, қысқаша және толық жауабы бар тапсырмаларды орындау, функционалды сауаттылыққа тест құрастыру бойынша топтық жұмыс.

Тәжірибелі мұғалімдердің тәжірибемен алмасу жұмысы жүргізілді, сараптауға тесттер көрсетілді, АКТ түрлі тәсілдерін пайдаланып, дидактикалық құралдарды қолданумен педагогикалық технологиялар  ұсынылды, оқу сапасын тексеру мониторингісі мен түрлі деңгейдегі дайындықтары бар оқушылардың білімдерін түзету мен бақылау үшін кері байланыс орнату ұсынылды. Семинар қатысушыларына функционалдық сауаттылық бойынша бүкіл тәжірибелік материал, электрондық қор, тәжірибеде қолданылатын тест тапсырмалары, ұсыныстар берілді.

Добавить комментарий

Войти с помощью: 

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Нашар көретіндерге арналған нұсқа