Өмірдегі қиын жағдайлардан шығу жолдарына ұсыныстар
- Жағымсыздықтан аулақ бола біліңіз.
Бұл үшін мынаны есіңізде сақтаңыз:
— қаншалықты қиын жағымсыз нәрсе болса да, жаман ойлардан аулақ болуға үйреніңіз.
(психолог көмегі әдетте не үшін қажет болады);
— өзіңіздің жағымсыз көңіл күйіңізді айналаңызға жаймаңыз;
— әрдайым ақылды және сыпайыгершілікте болыңыз;
— қандай жағдай болса да, өмір жалғасын
табатындығын ұмытпаңыз!
- Ең алдымен өзіңізге талап қоя біліңіз!
Ол үшін:
— өзіңіздің қолыңыздан келмейтін нәрсені басқадан талап етпеңіз;
— өзіңіз бере алмайтын нәрсені басқадан күтпеңіз;
— шектен тыс талап қоймаңыз;
— барлығын өз әдетіңізден немесе өз үлгіңізбен жасауға тырыспаңыз;
— адамнан жағымды жағын қарастырыңыз, сол қасиеті арқылы қарым-қатынас жасауға тырысыңыз.
- Ашу, ыза – адамдармен қарым-қатынастағы жаман кеңесші.
Ашудан қашу үшін:
— Ашуға берілмеуге тырысыңыз. Ашуға берілсеңіз тоқтаңыз, үзіліс жасаңыз;
— ашуыңызды келтірген жағдайдың барлығын еске түсіріп ойласаңыз, сіздің де кінәңіз басқадан көп болмаса аз еместігін байқайсыз;
— ашу ешқашан жақсылық әкелмейтіндігін ұғыныңыз;
— ашуды басу үшін ең жақсы бәсеңдік – ол қозғалыстағы жұмыстар, еңбек және шығармашылық жұмыс.
- Егер сіз әділ болмасаңыз, кешірімді бола біліңіз.
Есте сақтаңыз:
— бірбеткейлік жақсылыққа апармайды;
— қарсыласыңызды мұқият тыңдауға тырысыңыз, оны құрметтеңіз;
— өз көзқарасыңызға сыншы болыңыз: өз көзқарасыңызды әрдайым дұрыс деп санамаңыз.
- Біз адамбыз, сондықтан әрқайсымызда кемшілік жоқ емес бар.
Бұны әрқайсымыз есімізде сақтауымыз керек:
— Біз бәрін білеміз деп айта алмаймыз: кейбір жағынан мықты болсақ, кейбір жағынан әлсізбіз;
— өзіңізді біреуден жақсы, біреуден жаманмын деп ойламаңыз, басқаны да, өзіңізді де төмендетпейтін тепе-теңдік бағалауды алыңыз.
- 6. Жағымсыз нәрселерді бойыңызда сақтамаңыз!
Адамгершілік тәжірибесінен:
— өз жағымсыз ойыңызбен немесе қайғыңызбен жалғыз қалмауға тырысыңыз;
— өзіңізге көмек бере алатын қабілетті адам іздеңіз;
— өзіңіз кеңпейілді, ақылды, нақты болыңыз.
- Салютогенді ойлауды қалыптастырыңыз
Кез келген жағдайдан жағымды сәттерді іздестіріңіз.
Ол үшін:
— танып білу;
— қабылдау;
— одан шыға алатын өзіндік ойың болу қажет.
ӨМІРДЕГІ ҚИЫН ЖАҒДАЙЛАРДАН ШЫҒУ ЖОЛДАРЫНА ҰСЫНЫСТАР
Адам айналасындағы болып
жатқандардан емес,
айналасындағы болып жатқанды
бағалаудан зардап шегеді.
Монтень
Ата-аналарға ұсыныстар
- Балаға жеке тұлға ретінде құрмет көрсете білген жөн.
- Отбасында жақсы, қолайлы эмоционалды атмосфераны сақтау
- Оқуға деген оқушының қызығушылығын қолдап, дамыту.
- Балаға денсаулық сақтау ережесін түсіндіріп, осыған байланысты қажетті дағдыны дамыту.
- Жетістігін әрқашан мадақтап отыру («Сенің қолыңнан келеді, сен қабілеттісің») оқудағы сәтсіздіктеріне аса көңіл бөлмеген жөн.
- Баладан аса жоғары қорытындыны және бағаны талап етпеген жөн.
- Жаңа білім алу қаншалықты қажет екендігін және өзінің қабілеттерін дамыту керек екендігін әрқашан түсіндіріп отыру.
- Баланы қозғалыс белсенділігі арқылы жазаламау (таза ауада басқа балалармен бірге серуендеуге тыйым салмау).
- Күн тәртібін қатаң сақтау.
- Теледидар бағдарламалары мен компьютер ойындарын сенбі күнге көшіру (уақытты үнемдеу мақсатында).
- Демалыс күндері отбасымен таза ауада серуендеу, табиғат аясына шығу.
- Үй тапсырмасын (90 минуттан артық емес) орындау кезінде сергіту жаттығуларын жасау, баланың сымбатын қадағалау.
- Баланың зейіннін жұмылдыруда мына ережелерді естен шығармаған жөн «Үлгер», «Жан-жағына қарамай, бәрін өзің жылдам орында, Басқа нәрсеге көңіл аудармай, іспен шұғылдан!»
- Жетісіне екі рет арқа бұлшық еттерін қатаюту мен сымбатты болуы үшін 7 комплекстен тұратын жаттығуды баламен бірге жасау.
- Жақсы көңіл –күйде болу үшін баламен бірге ән арқылы жиі саусақ жаттығуларын жасау.
- Мектептен кейін баланың таза ауада 30-60 минут серуендеуін қадағалау.
- Балаға ұйықтар алдында жылы ванна қабылдауды ұсынып, көзін жұмып, қозғалмай жатуын қадағалау.
- Баламен керуетінде бірге отырып, оны сүйіп, ертен оған барлығы сәтті жақсы болатындығын және ол ақылды да мейірімді екендігін айту.
- Баланы қалықтатып баяу оятуды қадағалау (бала 10 минуттай керуетте жату қажет).
- Баламен бірге су тигиеналық прцедураларын қабылдау, содан кейін бөлмені желдетіп-музыкамен ертеңгілік жатығу жасау.
- Таңғы астан бұрын балаға жемістен немесе көкөністен жасалған шырын берген жөн.
- Тамақ дайындауда минералдарды, ақ уызды, жеңіл углеводтарға, дәрумендерге толы азық-түліктерді қолданған жөн.